Спортты дамыту дирекциясынан мәлім еткендей, Қазақстан құрамасы Сингапур астанасында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Х Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды.
Ерлер арасындағы командалық сында Қытай гимнастары топ жарса, екінші орынға Жапония құрамасы тұрақтады.
Айта кетейік, бұл Қазақстан құрамасының сары құрлық чемпионатындағы осы уақытқа дейінгі алғашқы жүлдесі.
Осылайша, қазақстандық гимнастар күзде Бельгияда өтетін əлем чемпионатына жолдама алды.
Жүлде алған ел спортшыларының қатарында Нариман Құрбанов, Милад Карими, Дмитрий Патанин, Дияс Тойшыбек, Әлішер Тойбазаров пен Ілияс Азизов бар.