АСТАНА. ҚазАқпарат - Иордания астанасы Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Асланбек Шымбергенов «алтын» алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Құрлықтық додада 71 келіде сынға түскен Асланбек Шымбергенов финалда иорданиялық Зеяд Ишайшты жеңді. Осылайша, ол Азия чемпионы атанды.
Айта кетсек, бұдан бұрын ел құрамасынан Санжар Тәшкенбай (48 келі) Азия чемпионы атанса, Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмуд Сабырхан (54 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Дулат Бекбауов (67 келі )күміс медальді қанағат тұтты.
Енді ел құрамасынан төрт бес боксшы алтын медаль үшін шаршы алаңға шығады.
Фото: sports.kz
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.