«El Media» редакциясына кіреберіс витриналарды сындырған күдіктілер ұсталды
23:57, 24 Қараша 2022
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда «El Media» редакциясы орналасқан ғимараттың кіреберіс шыны қабырғаларын сындырған екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Алматы қаласының Полиция департаменті аталған заңсыз әрекетті жасады деген күдікпен екі адамның ұсталғанын хабарлайды. Олар – Алматы қаласының тұрғыны З. есімді азамат және тараздық Г. есімді азамат. Екеуі де 18 жаста.
Күдіктілердің әрекеттері ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы – «ұсақ бұзақылық» бойынша сараланды.
Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберілетін болады.
Ұсталғандар жасаған әрекеттерін мойындады.
Істің басқа да мән-жайлары анықталып жатыр», - делінген полиция хабарламасында.
«El Media» редакциясының әлеуметтік желідегі каналында айтылғандай, редакцияға кіреберіс әйнектер осымен бірнеше рет сындырылып отыр.
Фото:t.me/POLICE_of_KZ