«Кандидаттардың берген құжаттарын, өткізілген әңгімелесудің нәтижелерін қарап «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға кандидаттарды іріктеп алу жөніндегі конкурстық комиссиясы шешім қабылдады:
«Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы (D-О-1) «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға Суханбердиева Эльмира Амангелдіқызы ұсынылсын», - делінген хабарламада.
Суханбердиева Эльмира 2009 жылдан бастап Астана қаласы № 60 мектеп-лицейінің директоры болып істеген. ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, Іскер әкімшілік ету магистрі. 2012 жылдың қаңтарында бесінші шақырылымдағы Астана қаласы мәслихатының депутаты болып сайланды. Еңбек жолын тарих мұғалімінен бастады. Директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, Алматы облысы Іле ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлық жұмыстарының бас маманы, Алматы облысы Іле ауданы орта мектебінің директоры, «Қазақстан» республикалық телерадиокомпаниясы» АҚ аппаратының басшысы қызметтерін атқарды.
Еске салайық, Білім басқармасының бұрынғы басшысы Әсима Бимендина Орталық сайлау комиссиясының 2013 жылғы 22 қарашадағы шешіміне сәйкес Мәжіліс депутаты ретінде тіркелді.