Эльмира Суханбердиеваның 4 жасар ұлы көз жұмды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматыда оқыс оқиға салдарынан ҚР бұрынғы вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның төрт жасар ұлы қайтыс болды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрінің бұрынғы кеңесшісі Майраш Тайкенова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Майраш Тайкенованың айтуынша, әріптестері, туған-туыстары мен білім саласы ұйымдарының басшылары марқұмның анасының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.

Еске сала кетейік, таяуда елорданың Есіл аудандық сотында ҚР Білім және ғылым вице-министрі болған Эльмира Суханбердиеваға қатысты сот үкімі шыққан еді. Ол сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталып, кінәсін мойындаған.