«Ел намысын қорғап, абыройлы өнер көрсеттім деп ойлаймын. Медаль алуыма тактика жетіспеген шығар. Мен үшін финалға дейінгі кезең қиын болды, себебі қарсыластарым олимпиада чемпионы еді. Ал жартылай финалда шорт-тректен Қытайдың олимпиада чемпионымен қарсылас болдым. Шорт-тректің бір айырмашылығы алдын ала ешқандай болжам жасау мүмкін емес», - деді Абзал Әжіғалиев Бейжіңнен тікелей эфирде өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ, спортшы жарыс барысында бар күшін салғанын айтты.
«Көрермендерге көңіл-күй сыйлай білдім деген үміттемін. Және қарапайым халық шорт-тректің қандай спорт екенін тани түсті деп сенемін. Себебі халық көбіне шорт-тректі конькимен шатастырып немесе байланыстырып жатады. Негізі шорт-тректің өзі іштей бірнеше түрге бөлінеді. Сондай-ақ, жарыстың 4 жыл сайынғы олимпиадамен бітпейтінін еске салғым келеді. Шорт-тректен Азия чемпионаты, әлем кубогы бар», - дейді ол.
Еске сала кетсек, Бейжің Олимпиадасында шорт-тректен 500 метрлік қашықтықта Абзал Әжіғалиев үздік төртінші орын алған еді.