Эль-Ниньо Қазақстандағы қалыптан тыс суық ауа райының басты себебі ретінде аталды

АСТАНА. KAZINFORM — Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым бұған дейін 2024 жылы ауа райы әдеттегіден бөлек болады деп болжаған болатын. Климатологтар Орталық Азияда өте ылғалды көктем, жауын-шашын көп болатынын айтты. Мамандар Қазақстандағы ауа райын Эль-Ниньо құбылысымен байланыстырады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне география ғылымдарының кандидаты, Орталық Азия климаттық ақпараттық платформасының (CACIP) үйлестірушісі Азамат Қауазов айтты.

Фото: Pixabay

Қазірдің өзінде Азамат Қауазовтың айтуынша, Эль-Ниньо құбылысы Тынық мұхитының батыс бөлігінде байқалады.

— Эль-Ниньо мұхит пен құрлық арасындағы жылу алмасудың өзгеруіне әкеледі. Біздің планета — жабық жүйе. Атап айтқанда, қармен байланыстырып айтсақ, температураның өзгеруі қысымның өзгеруіне әкеледі, қысымның өзгеруі ауа ағындарын тудырады. Яғни, жел мен атмосфералық циркуляцияның себебі осыдан туындайды. Ал қар жауған кезде Қазақстан аумағында салқын ауаның полярлық шабуылы ілеспе әсерлерімен болған жағдайлар болды. Яғни, бұл — әрі суық, әрі қар жауады деген сөз, - деп түсіндірді маман.

Маманның айтуынша, әдетте ылғалды ауа райы бізге Солтүстік Атлантикадан келеді.