Петропавл қаласында жекеменшік үйден өрт шықты. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 3 техникасы мен жеке құрамының 15 адамы жұмылдырылды. Оқиға орнынан 43 жастағы ер адамның мәйіті табылды.
Қостанай қаласында да жекеменшік үй өртенді. Жалындаған отты сөндіруге ҚР ТЖМ Қостанай облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 1 техникасы мен жеке құрамының 4 адамы жұмылдырылды. Оқиға орнынан 60 жастағы ер адамның мәйіті табылды.