Ел өңірлерінде коронавирустан 43,3 мың адам емделіп жатыр – министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққан науқастар туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

4 қарашадағы мәлімет бойынша, ел өңірлерінде 43 397 адам коронавирус инфекциясынан (–37 852 және 5 545 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 7 710 пациент стационарда, 35 687 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ (коронавирус), КВИ- (коронавирус пневмониясы) шалдыққандардың арасында:

- 520 адамның жағдайы ауыр,

- 162 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 102 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.