Қапшағай су қоймасында «Пионерская зорька» демалыс зонасында ер адам суға батып кетті. ҚР ТЖМ Алматы облысы ТЖД суда құтқару қызметінің күшімен оның денесі табылып, судан шығарылды (4 адам мен 1 техника).
Семей қаласында Полковничий аралында Ертіс өзеніне жас әйел батып кетті.
«Уют» демалыс зонасында Бұқтырма су қоймасына жас жігіт батып кетті.
Петропавл қаласында Борки ауылында Есіл өзеніне 25 жастағы ер адамның да ажалы судан болды. Оның мәйітін судан жергілікті тұрғындар алып шықты.