Кей жерлерді тұман басып, желдің күшеюі сақталады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-дан хабарлады.
Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, сондай-ақ Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады.