Ел өзендерінде төрт адам суға кетті, оның екеуі балалар - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 14 маусым. ҚазАқпарат - Еліміздің өзендерінде шомылу кезінде екі бала мен ер адам суға кетті, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нан.

13 маусым күні Талғар қаласының Талгарка өзеніне шомылу кезінде 10 жасар бала суға кетті. Оның денесін жер бетіне жергілікті тұрғындар алып шықты.

Сондай-ақ осы күні Лисаковск қаласында Тобыл өзеніне 12 жастағы бала батып кетті. Оның денесін судан ҚР ТЖМ Қостанай облыстық ТЖД суда құтқару қызметінің (3 маманы мен бір техникасы) көмегімен шығарылды.

Бейсенбіде Солтүстік Қазақстан облысы Талшық ауылының маңындағы Шат өзенінде шомылған 37 жастағы ер адам суға тұншығып өлді. Оның денесін жағаға тәртіп сақшылары шығарды.

Қостанай облысы Ұзынағаш ауылының маңындағы Тобыл өзенінде бір тәулік бұрын суға батып кеткен ер адамның (1957 жылы туған) мәйіті табылды. Оны судан шығаруға ҚР ТЖМ Қостанай облыстық ТЖД суда құтқару қызметінің 3 маманы мен бір техникасы тартылды.