Ел өзендеріне батып кеткен екі жасөспірімнің денелері іздестірілуде - ТЖМ

АСТАНА. 15 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстан өзендеріне батып кеткен екі жасөспірімнің денелері іздестірілуде, деп хабарлады ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Бейсенбі, 14 маусым күні Батыс Қазақстан облысына қарасты Жайық кентінің маңындағы құмды карьер аумағында шомылуға арналмаған жерде суға түсу барысында  34 жастағы ер адам батып кетті.

Оның денесі судан  ҚР ТЖМ Батыс Қазақстан облысы бойынша ТЖД судан-құтқару қызметінің: жеке құрамдағы 4 адамы мен 1 техникасының күшімен шығарылды.

14 маусымда Қызылордадағы «Сабалақ» саяжайы аумағында 15 жасар қыз абайсызда Шіркейлі су арнасына құлап кетіп, көз жұмды. Оның денесі ҚР ТЖМ Қызылорда облыстық ТЖД судан-құтқару қызметінің: жеке құрамдағы 4 адамы мен 1 техникасының көмегімен іздестірілуде.

13 маусым күні Атыраудың Жайық өзеніне шомылу кезінде 18 жастағы бозбала суға батып кетті. Оның денесін іздеумен ҚР ТЖМ Атырау облысы бойынша ТЖД судан-құтқару қызметінің 3 адамы мен 1 техникасы айналысуда.