деп хабарлады рm.kz сайты.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының, Ақтөбе, Павлодар, Тараз, Шымкент қалаларындағы педагогикалық институттар жанындағы аймақтық орталықтардың, «Өрлеу» Ұлттық біліктілік арттыру орталығы» АҚ-ның, біліктілік арттыратын аймақтық институттар мен колледждердің қызметкерлері жаттықтырушылар атанды.
Осы жаттықтырушылар Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін мектептердің 3000 мұғалімін 3 базалық деңгеймен арнайы 3 айлық бағдарлама бойынша оқытуды бастайды.
«Сабақтар шағын топтарда (30 адам) «facetoface» («тікелей») үлгісі және қашықтықтан оқыту үлгісі (онлайн-режимінде) бойынша өтеді», - делінген хабарламада.