Бұл өз балаңды жеткізіп, өсіргенмен бірдей. Сондықтан бүгінде ел табиғатына нұқсан келтіргені үшін салынатын айыппұлдардың көлемі үлкен болуы қажет. Бүгін Астана қаласы маңындағы Мемлекеттік табиғат қорында болған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы мәселені атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Елбасы атап өткендей, бүгінгі таңда Астана қаласында қалыптасқан жасыл аймақтар астаналықтар үшін тынығып, дем алатын жайлы жерлерге айналды. Астана қаласы бойынша бір жылда егілген көшеттердің саны 10 миллион дананы құрап отыр. Қазірдің өзінде, елорданың ішкі орамдарында отырғызылған ағаштардың жалпы ауданы 600 гектарға тең.
«Бүгінде елімізде көгалдандыру саласында қыруар жұмыстар атқарылуда. Бір түп ағашты отырғызып, оны баптап шығару үшін көп еңбек қажет. Сондықтан Ақмола облысының әкімдігі жасыл аймақтарды қорғау мақсатында нақты іс-шараларды қолға алуы тиіс. Салынатын айыппұлдардың көлемін өсіру қажет», - деді Н.Назарбаев.