Ел тарихында алғаш рет ғарышқа жер серігі ұшырылды

None
АСТАНА. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат - Боливияда ғарышқа ел тарихында алғашқы рет телекоммуникациялық жер серігі ұшырылды, деп хабарлайды Би-би-си. Жер серігі Испанияның отарлық басқаруына қарсы күрескен үнді ұлтынан шыққан ұлт батырының құрметіне «Тупак Катари» деп аталды.

Жер серігі Сичандағы (ҚХР) арнайы орталықта ұшырылды. Ғарыш аппаратының құны 302 млн долларды құрады.

Ел президенті Эво Моралестың сөзіне қарағанда, жер серігін ұшыру Боливияның тәуелсіздігін арттыра түседі.

Боливия астанасы Ла-Пастаның орталық алаңына жер серігінің ұшырылуын мерекелеуге халық көп жиналды. Жер серігін 2014 жылдың наурыз айынан бастап пайдалануға болады.