Акушерлердің атап өтуінше, олардың күнделікті тәжірибесінде бір күннің ішінде сан ұлттың өкілдері дүниеге келген емес. Өйткені мереке күні қазақ, орыс, армян, башқұрт, еврей, ингуш, украин, тіпті француз ұлтының ұрпағы өмірге келді.
«Аналары да, балалары да, атап айтқанда 7 ұл мен 8 қыз өздерін өте жақсы сезінеді», - деп атап өтті №1 перзентхана бас дәрігерінің орынбасары Айгүл Дүйсембаева.
Сәбидердің дүниеге келген алғашқы сәттері суретке түсіріліп, аналарына сыйлық ретінде берілді. Сонымен қатар әкімдік тарапынан қоларбалар табыс етілді.