Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың республикалық телеарналар бойынша өтіп жатқан тікелей желідегі сұхбаты барысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Тікелей байланыстың барлық арнасы бойынша хабарлар өте көп келіп түсті. Олардың басым бөлігінде мемлекеттің дағдарысқа қарсы қолданылып отырған шаралары арқау болған. Жеке Сіздің өзіңіздің атыңызға жүздеген алғыс хаттар келіп түсіп жатыр. Мәселен, Шығыс Қазақстан мен Жамбыл облыстарынан келген хат-хабарлар жолдардың жөнделгеніне байланысты, Қызылорда мен Алматы облысының тұрғындары кәсіби білім беру бағдарламасының қайта жанданғанына алғысыз білдіріп жатса, Астана қаласының тұрғындары үлескерлердің түйткілді проблемасының шешілгеніне ризашылығын білдірген», деді тікелей желіні жүргізуші журналист Арман Балтабайұлы.