Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрмұхамбет Әбдібеков мәлім етті.
Оның атап өтуінше, экономикалық бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ететін ұлттық инновациялық жүйені құру бағдарламаның негізі мақсаты болып табылады. Бұл орайда вице-министр: «Оның негізгі мақсаттары - технологиялық жаңаруға жәрдемдесу, өзіндік компетенция құру, инновациялық ортаны дамыту», - деп баса айтты.
Н.Әбдібековтің айтуына қарағанда, қолға алынып отырған бағдарлама екі кезең бойынша жүзеге аспақ. Алғашқы кезеңде технологиялық дамуды басқару жүйесі құрылады, нормативтік-құқықтық базасы жетілдіріледі, инновациялық қолдау бағдарламаларының жаңа түрлері әзірленеді, сондай-ақ оның үрдістерін сараптамалық қолдау жүйесі іске қосылатын болады.
«Екінші кезең жаңа бағдарламаларды жүйелі қолдану және бірінші кезеңде әзірленген инновациялық дамуды қолдау тетіктерімен сипатталады»,- деді ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі.