«Адвокаттық көмек көрсету мәселелерінде мен Әділет министрлігінен де, адвокаттардан да, республикалық алқадан да кепілдендірілген мемлекеттік заң көмегінің тиімділігін қамтамасыз ету тақырыбына оралуды сұрағым келеді. Бұл жерде мен адвокаттардың мүдделері тұрғысынан емес, азаматтың мүдделері тұрғысынан айтып тұрмын. Әрине, кейбір сәттерде адвокаттың іс жүргізу мәртебесі тергеушімен де, сот процесі кезінде де тең дәрежеде қамтамасыз ететіндей деңгейде емес екенін растаймын. Біз қазірдің дабылды сигналдарды көріп отырмыз. Адвокаттардың қорғаныс стратегиясын әлеуметтік желілер арқылы алға жылжытуы жиілеп кетті. Белгілі бір дәрежеде «хайп» та бар шығар, бірақ мен қылмыстық істер материалына қолым жетпегендіктен адвокаттарды кінәлай алмаймын», -деді ол «Заманауи адвокатура проблемалары және оларды шешудің жолдары» атты дөңгелек үстелде.
Эльвира Әзімова адвокаттардың желідегі жазбалары заң процестерін ішінен білмейтін адамдардың арасында т.рлі пікірлер туғызатынын атады.
«Кейде тіпті адвокаттардың желіде қалдырған пікірлері заңнамадағы процедуралық нормалардың ерекшеліктерін біле бермейтін халық арасында пікірталас туғызып жатқанын көремін. Бұл соншалық жақсы нәрсе емес. Керісінше мемлекетке, оның ішінде адам құқықтарын қорғау кепілдігіне деген сенімді азайтады. Әсіресе қылмыстық қудалау орбитасына түскен адамдардың алдындағы мемлекет иммиджі зардап шегуі мүмкін. Менің оймыша адвокаттар поцессуалдық өндірістің толық кепілдігі болмағандықтан әлеуметтік желіге шығып жатады. Міне осындай мәселелерге қайта оралып, қарау керек», - деді Адам құқықтары жөніндегі уәкіл.