Эльвира Әзімова: Қоғам қауіпсіздігі үшін қару қолдану мәселесі ашық болуға тиіс

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне әйелдер де атсалыса алуы керек. ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылы тап болған қатаң локдаун жағдайында біз Үкіметке жеке жоспар әзірлеу ұсынысына қайта оралу керектігін айттық. Былтыр 24 желтоқсанда мұндай жоспар қабылданды да. Елімізде болған және қазір Украинада болып жатқан оқиғалардан кейін аталған жоспардың өзектілігі күн тәртібіндегеі №1 мәселеге айналғанын көріп отырмыз. Біз бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі әйелдердің қатысуымен болуға тиіс деп айтамыз», - деді Эльвира Әзімова ҚР Сыртқы істер министрлігінде «Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік» тақырыбында өткен дөңгелек үстелден кейін.

Спикер үкімет жоспарында құқық қорғау органдары – Қорғаныс және төтенше жағдайлар органдары іске асыратын 16 іс-шара бар екенін атап өтті.

«Менің ойымша, Парламент пен Үкімет тергеу нәтижелерін (қаңтардағы оқиғаларды) ескере отырып, осы бағытта жұмыс істеуі керек. Бұл құқық қорғау органдарының кадр құрамына да қатысты. Бізде құқық қорғау органдарында әйелдер өте аз. Менің ойымша, құқық қорғау органдарында жұмыс істеуге шешім қабылдаған әйелдер медиативтік келіссөздер құралдарын қолдануды басты назарға алуы керек. Бұл органдардың әдеттегі тәжірибесіне айналуға тиіс. Әрине, қауіп-қатерлерді ескере отырып, белгілі бір дәрежеде өмір мен қауіпсіздік мәселесі арнайы құралдар мен қару қолдануды да көздейді, бірақ бұл халық үшін де ашық әрі айқын болуға тиіс. Бұл заңнаманы өзгерту мәселесін де қамтиды», - деді Эльвира Әзімова.