«БАҚ пен әлеуметтік желіде азамттарды ұстау және тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде күш қолданып, қорқыту болғаны туралы резонансты мәліметтер әлі тарап жатыр. Мұндай әрекеттерге жол беруге болмайтыны анық. Мұндай жайттар заң үстемдігі мен адам құқықтарын сақтау жөніндегі конституциялық кепілдіктерді бұзады. Ел Президенті адам құқықтарын бұзуға жол беруге болмайтынын айқын мәлімдеді. Ұлттық алдын алу механизмінің өкілдері 13 қаңтар бастап қана азаматтар қамауда отырған жабық мекемелерде мониторинг жүргізіп бастады. Бұл Бас Покуратура мен Ішкі істер министрлігі басшыларының қолдауымен мүмкін болды. Негізі Төтенше жағдай режимі кезінде мониторинг жүргізуге жол бермейді. Төтенше жағдай режимі елімізде 19 қаңтарға дейін жалғасқан болатын», - деді уәкіл «Хабар 24» телеарнасының эфирінде.
Оның айтуынша, аталмыш тәртіпті қайта қарау қажет.
«Мониторингке азаматтық қоғам өкілдері, жеке сот сарапшылары, заң консультанттары, дәрігерлер, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер қатысып жатыр. 24 қаңтардан бастап тәуелсіз мониторингке адвокаттар арасынан қоғамдық бақылау комиссиялары және кейіннен Парламенттің депутаттық топтары қосылды», - депді Эльвира Әзімова.