Эвакуацияланған тұрғындар уақытша баспаналарға орналастырылуда, ал таулы аудандардың тұрғындары осындай жағдайлар үшін арнайы жабдықталған үңгірлерге орналастырылды.
«Эльза» дауылы әуелі Куба, Доминикан Республикасы және Гаитиге келді. Бұдан кейін ол біраз басылып, тропиктік дауыл санатына ауыстырылды.
АҚШ-тың оңтүстік-батыс жағалауында да «Эльзаға» дайындық болып жатыр. Флорида штатырның 15 округінде, соның ішінже 2,5 млн жуық халқы бар Майами-Дейдте төтенше жағдай жарияланған.