Эльжана Таниева көркем гимнастикадан әлем чемпионатында төрттікке енді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәскеуде көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы бірінші әлем чемпионаты мәресіне жетті. Әлемдік сыннан Қазақстан құрамасы да сырт қалған жоқ, деп жазады Olympic.kz.

Эльжана Таниева секіртпемен жаттығуда финалға жолдамаалып, жүлдеге қол созым жерден тоқтады. Ол 14.200 ұпаймен төртінші орынға табантіреді. Бұл сында жүлделі үш орынды Ресей, Италия және Әзербайжанспортшылары иеленді. Доппен жаттығуда финалға өткен Сабина Бакатова17.750 ұпаймен жетінші орынға тұрақтады. Бұл жаттығуда Ресей, Әзербайжанжәне Израиль спортшылары өзара жүлде бөлісті. Топтық жаттығудан көпсайысқорытындысы бойынша Қазақстан 18-ші орын алды. Ал командалық сында біздің спортшылар13-ші орында.