Ел жастары тұрғын үй мен білімге 35,2 млн доллар жұмсады

Фото: pixabay

АСТАНА. KAZINFORM — Жас қазақстандықтар тұрғын үй мен білім алуға 35,20 млн АҚШ долларын пайдаланды. 

— 2024 жылғы 1 ақпан мен 2026 жылғы 1 ақпан аралығында жалпы сомасы 35,20 млн АҚШ долларын (өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударылды) құрайтын 223 785 өтініш орындалды, — делінген БЖЗҚ хабарламасында.

Олардың ішінде:

тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 22,09 млн АҚШ долларынан астам сомаға 139 759 өтініш орындалды;

білім беру ақысын төлеу үшін 13,11 млн АҚШ доллары сомасына 84 026 өтініш.

— Нысаналы жинақтарды (НЖ) алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы. Пайдаланылмаған қаражат қалдығы нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қалады, — делінген хабарламада.

Айта кетелік Тимур Сүлейменов БЖЗҚ-дан қаражат алу шегінің тәсілдерін қатаңдату қажет екенін айтқан.