Еламан Ерғалиев: Финалда «Қазақстан Барысы-2017» атанарыма сенімді болдым

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өткен «Қазақстан барысы-2017» турнирінде жеңімпаз атанған Еламан Ерғалиев жеңістен кейінгі әсерімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Финалға дейін кішкене қобалжығаным рас. Финалға шыққаннан кейін, өз-өзімен сенімді бола бастадым. Бірінші Алланың қуаты, екінші жеребе жолдас болды деп айтсақ та болады. Әрине, жеңіс оңай келген жоқ. Қарсыластарымның барлығы тәжірибелі, бұрыннан жүлдегер, чемпион болып жүрген азаматтар. Сондықтан, олжалы орынға оңай жеткен жоқпын», - деп атап отті ол.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы додада бірінші орынды Еламан Ерғалиев, екінші орынды Ұлан Рысқұл, үшінші орынды Айбек Нұғымаров жеңіп алды.