«Еларнада» Астана күніне арналған жаңа фильмдердің премьерасы болады

АСТАНА. Маусымның 19-ы. ҚазАқпарат - «Хабар» теларнасы Астана күніне бірнеше жаңа жобалар дайындап отыр.

Атап айтқанда, шілденің 6-сы күні «Еларна» телеарнасында «Ескерткiштер ? ел еңсесі» деректі фильмі мен «Легенда нового города» көркем фильмінің тұсаукесері болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Деректі фильмге жаңа ерліктер мен жетістіктердің тарихи бастауы болып отырған қаламыздағы ескерткіштер туралы сөз болады. Ал көркем фильмде бас кейіпкер Гарвард университетінің тарих профессоры мистер Стивенс Астана төңірегінде даладан табылған ежелгі құпия папирусты оқуға талпынады. Қызықты оқиғалар, қазақ тарихының жұмбақ ребустары, Шығыстың тартымды аңыздары жаңа фильмге арқау болып отыр.