Елбасы: 100 пайыз орындалатын ұсыныстарды ғана қолдаудан тайған емеспін

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биліктің барлық деңгейіндегі партиялық жауапкершілікті күшейтуіміз қажет. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биліктің барлық деңгейіндегі партиялықжауапкершілікті күшейтуіміз қажет. Атқарушы билік, Үкімет, әкімдер өз істерінжасап жатыр, түсінікті де. Ал партия арқылы адамдардың қоғамдық өмірін кім іліпалып кетеді? 2016 жылдан бері партияның «Қазақстан-2021: Бірлік, бейбітшілік,жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырып келеміз. Бүгін бізПремьер-Министр баяндамасынан сайлауалды уәденің 70 пайызы орындалғанын естідік. Тағы 30 пайызы қалыпотыр. Оларды саралау қажет. Ол жерде ең маңызды тармақтар қалып қойған дашығар... Дегенмен, олардыешкім көтермейді, Мәжілістегі фракция – ешкім. Келесі сайлауға келгенде халыққа не айтамыз?», - деді ҚР ТұңғышПрезиденті.

Елбасы 30 жыл бойы 100 пайыз орындалатын ұсыныстардығана қолдау ұстанымынан еш таймағанын баса айтты.

«Осы 30 жыл барлықтарыңыздың естеріңізде бар.Барлығы да қаражатпен, бақылаумен қамтамасыз етілді. Соңында біз орындадық депбаяндайтынбыз. Қазір де дәл сол болуы тиіс. Мұны сайлаушыларға көрсету керек»,- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар