Назарбаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен екіжақты келіссөздер барысында мәлім етті. «Мен бұл қатынастарды жоғары бағалаймын. Міне, 20 жылға жуық уақыт бойы Қазақстан мен Қытай қарым-қатынасы үздіксіз өсу және нығаю жолымен дамып келеді. Бұған Сіздің ағымдағы жылдың мамыр айында уағдаластық негізде Қазақстанға жасаған сапарыңыз жол ашып отыр. Сізді және бүкіл Қытай халқын екі айырықша оқиғамен: жапон басқыншыларына қарсы соғыстағы қытай халқы жеңісінің 70 жылдығымен, сондай-ақ Бейжің қаласының Қысқы олимпиада ойындары астанасы болып таңдалуымен құттықтағым келіп отыр. Бейжің әлемдегі жазғы және қысқы Олимпиада ойындары өткен дара қала болып табылары анық», - деді Мемлекет басшысы.
Еске салайық, Бұл Н.Назарбаев пен Си Цзиньпиннің осы жылғы төртінші және ҚХР Төрағасының өз қызметіне кіріскен сәтінен бергі оныншы кездесуі. Н.Назарбаевтың Қытайға мемлекеттік сапары 3 қыркүйекке дейін жалғасады. Бейсенбі күні Елбасы қытай халқының жапон басқыншыларына қарсы соғыстағы жеңісінің 70 жылдығына арналған салтанатты парадқа қатысады.