Елбасы 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «2019 - 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заңның мәтіні баспасөз беттерінде жарияланады.