Елбасы 31 қаңтарда құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен отырыс өткізеді

None
АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат - Ағымдағы аптада Елбасы құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен отырыс өткізеді.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«31 қаңтарда Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен отырыс өткізеді. Оның барысында қылмыспен күресудегі Қазақстандағы ахуал, жемқорлықпен күрес, азаматтардың құқы мен бостандығын қорғау, нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес секілді маңызды мәселелер талқыланатын болады»,-деп атап өтті ресми өкіл.