Алмазбек Атамбаевты І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Мемлекет басшысы өз сөзінде Қырғызстан Көшбасшысының өзінің президенттік лауазымына кіріскен сәттен бастап Қазақстанға алғаш рет мемлекеттік сапармен келіп отырғандығын атап өтті.
«Сондықтан да мен сізді біздің елдеріміз арасындағы достық, өзара түсіністікті, қазақ пен қырғыз арасындағы бауырластықты дамытуға сіңірген зор еңбегіңіз үшін шетелдік көшбасшыларға берілетін ең жоғары «Достық» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойдым», деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Қазақстан Президенті бұл марапат екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан ары нығайта түсетіндігіне сенім білдірді.