Елбасы Ә. Жақсыбековті ҚР Мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Н. Назарбаев «Ә.Р. Жақсыбековті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінде хабарланды.

«Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын», - деп жазылған Жарлықта.