Музейді аралау кезінде Нұрсұлтан Назарбаев қазақтың белгілі жазушысының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ Елбасы Ә.Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған музей экспонаттарымен танысты. Соңында Қазақстанның Тұңғыш Президенті музейдің Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.
Осыған дейін Нұрсұлтан Назарбаевтың Ақтауда халықаралық туристік хабтің таныстырылымына қатысқанын жаздық.