Елбасы Әбу-Дабидің мұрагер бекзадасы шейх Мұхаммед бен Заид Әл-Нахаянмен кездесті

АСТАНА. 30 қаңтар. ҚазАқпарат - Елбасы Әбу-Дабидің мұрагер бекзадасы шейх Мұхаммед бен Заид Әл-Нахаянмен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметінен.

Әңгіме барысында тараптар Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірлігі арасындағы екіжақты ынтымақтастыққа қатысты бірқатар мәселелерді талқылады. Әл-Нахаян Азиаданың тамаша ұйымдастырылуына ризашылығын жеткізді.