09:34, 09 Сәуір 2009
Елбасы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің профессоры Гурия Ханды қабылдады
АСТАНА. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кеше Алматыдағы резиденциясында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің профессоры Гурия Ханды қабылдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Гурия Хан қаржы дағдарысы жағдайында Қазақстанның дамуының өзекті мәселелеріне қатысты өзінің көзқарасын баян етті. Экономика және қаржы саласындағы өзгертулер мәселелері талқыланды. Гурия Хан бастаған авторлар ұжымы осынау өзгерістердің кезеңдері көрсетілетін жаңа кітапты басылымға дайындауда.