Елбасы: АХҚО - негізгі реформалар мен өзгерістердің маңызды буыны

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы Конгресс холл орталығында өтіп жатқан «Астана» халықаралық қаржы орталығының ресми ашылу рәсімінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев оның қызметіне сәттілік тіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанды көркейту және еліміздің стратегиялық мақсатына жету жолында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Экономиканы индустрияландыру, әртараптандыру белсенді жүргізілуде. Мемлекеттің үшінші жаңғыру бастамасы цифрландыру бағдарламасымен жүзеге асырылуда. Осы орайда «Астана» халықаралық қаржы орталығы негізгі реформалар мен өзгерістердің маңызды буыны болып саналады. Оның қызметіне сәттілік тілеймін. Бас  қаламыздың 20 жылдық мерейтойы құтты болсын! Баршаларыңызға зор денсаулық, табыс тілеймін!», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Елбасының қатысуымен «Астана» ХҚО-ның ресми ашылуы өтуде. 

Шара барысында Нұрсұлтан Назарбаев Астана Тәуелсіздігіміздің, еліміздің береке-бірлігінің, дамуының, дәрежесінің символы, барлық бастамалар мен оң өзгерістердің флагманы екендігін баса айтқан еді.