Елбасы ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері туралы заңға қол қойды

Фото: None
АСТАНА.  Шілденің  11-і. ҚазАқпарат - Елбасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға   қол қойды, 

деп   хабарлайды  ҚазАқпарат     Президенттің баспасөз қызметіне  сілтеме  жасап.

Заң ақпараттық-коммуникациялық   желілер  арқылы  ел  аумағында  ақпарат  таратумен  байланысты    қарым-қатынастарды  мемлекеттік  реттеу  жүйесін  жетілдіруге  бағытталған.

Заңның  мәтіні  баспасөз бетінде  жарияланады.