Елбасы Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келді
Осында келген бойда Мемлекет басшысы «Ақтбөберентген» акционерлік қоғамында болып, елдегі бірден-бір медициналық және өнеркәсіптік рентген аппараттарын шығаратын кәсіпорынның өндірістік қызметімен және шығаратын өнімдерімен танысты.
«Ақтөберентген» АҚ тасымалданатын және жылжымалы рентгендиагностикалық және флюорографиялық аппараттарды, сондай-ақ стационарлық және жылжымалы дефектология үшін өнеркәсіптік қосылыстар аппараттарын өндіреді. Қазіргі кезде кәсіпорын рентген аппараттарының 28 түрін шығарады, олар таяу және алыс шет мемлкеттердің 23 елінде қолданылады. Сонымен қатар биыл мұнда маусым айында бұрынғы кеңестік кеңістегі алғашқы компьютерлік томограф құрастырылды, ол Ақтөбе қаласы медицина мекемелелерінің бірінде орналастырылған.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының жеделдете индустриялық-инновациялық даму стратегиясы ауқымында жүзеге асырылып жатқан компьютерлік томографтарды құрастыру үдерісімен танысты.
Аталмыш жобаны жүзеге асыру үшін «Ақтөберентген» АҚ-да жалпы аумағы 900 шаршы метр болатын жаңа өндірістік корпус (жинақтау цехы) құрылды, мұнда қазіргі заман талабына сай жоғары технологиялық медициналық техника жасалады. Жоспарланып отырған қуаты жылына шетелдік салыстырмалы техникадан бағасы 30 пайызға арзан 28 компьютерлік томографты құрамақ.
«General Electric Healthcare» компаниясымен бірлесе жүзеге асырылып жатқан жобаның іске асырылуы денсаулық сақтау жүйесі мекемелерін қазіргі заман талабына сай сандық технологиялардың пайдаланылуымен жұмыс жасайтын медициналық рентгендік құралдармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Одан кейін «Ақтөберентгеннің» базасында жеделдете индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының Ақтөбе облысында жүзеге асырылып жатқан жобаларының таныстырылымы өтті. Айта кету керек, мемлекеттік бағдарлама аясында өңірде жалпы сомасы 1 триллионнан астам теңгенің 84 инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда. 2010 жылы 143,9 миллиард теңге соманың 43 инвестициялық жобасы іске қосылып, 7,9 мың жұмыс орны құрылады. Жылдың басынан бері жалпы құны 54,7 миллиард теңгенің 18 жаңа нысаны пайдалануға беріліп қойды, оның 13-і - жеделдете индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында жүзеге асырылып отыр.
Бірқатар кәсіпорындардың басшылары жобалардың жүзеге асырылуы барысы туралы баяндап, оларда ел Президентіне макеттер мен стендтердің (лайт-бокс) көмегімен көрнекі түрде таныстырды.