ОРАЛ. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев - әлем мойындаған ұлы тұлға, бейбітшілік пен ынтымақ жолындағы қажымас қайраткер. Бұл туралы Жаңақала аудандық мәслихатының хатшысы Закария Сисенғали мәлім етті.
Оның айтуынша, қоғам мен уақыт қойған міндеттерді орындаудағы Елбасы атқарған істерге баға жетпейді, ал алда одан да маңызды тарихи істерді жүзеге асырарына сенім мол.
Қазір дүние алмағайып кезеңді бастан өткеруде. Оған Еуропаны күйдіріп келе жатқан қаржы дағдарысы, шетінен күйреп жатқан Африка, Азия елдеріндегі көріністер куә.
Бізге қазір ең қымбаты - қысыр сөз, қызыл тіл емес, азат елдің ары мен айбыны, көреген Елбасымыздың абыройы мен айбыны.
Сондықтан біз егемен еліміздің Елтаңбасын көтеріп, көк Туын ұстап отырған Елбасымыздың жанына тығыз топтасуымыз қажет.
«Ендеше, ел Парламенті белгілеген мемлекеттік мереке - Тұңғыш Президент күні біздің елдігімізді еңселендіретін ерекше мейрам.
Мереке құтты болсын, ағайын!», деді З.Сисенғали.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).