Елбасы Алматы әкімін қабылдады
16:03, 24 Ақпан 2009
АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы әкімі Ахметжан Есімовті қабылдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.А.Есімов Мемлекет басшысын Алматыны әлеуметтік-экономикалық дамытудың және 2009-2010 жылдарға арналған экономиканы тұрақтандырудың қалалық бағдарламасы туралы хабардар етті.