Елбасы Алматы маңында жаңа халықаралық әуежай салу мәселесін талқылауды тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы маңында жаңа халықаралық әуежайды құру қажеттігін ойластыру керектігін атап өтті.

Мемлекет басшысы «Эйр Астана» әуе компаниясы ірі халықаралық оператор ретінде негізделетіндігін, ал екінші әуе компаниясы ішкі бағдарларға қызмет ету үшін құрылатындығын еске салып өтті. «Алматы түбінде жаңа халықаралық әуежайды салу туралы ойластыру керек. Қазіргі осы жобаны жүзеге асыруға ниеттілер бар және оларды тездетіп қолдау керек»,-деді Президент.