«Алматы және Павлодар облыстары үшін 2 жаңа аймақты құруды Мемлекет басшысы қолдады», - деп атап өтті Премьер-Министр.
Үкімет отырысы барысында Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев өңірде Арнайы экономикалық аймақты құру бойынша белсенді жұмыстар атқарылып жатқандығын жеткізді. Оның сөзіне қарағанда, негізгі бағыт индустриялық-химия саласына негізделген. «Қазіргі кезде германиялық басқарушы компаниямен жұмыс жасап жатырмыз. Жақын арада бұл саладағы сарапшылар келеді деп күтілуде», - деді облыс әкімі.