Біз Елбасының баяндамасын аса күтіп отырмыз. Онда Қазақстан ғылымының жаңа бағыттары мен ғылымды қаржыландыру жайы айтылады. Бұл Қазақстан ғылымының дамуына сөзсіз ықпал етеді», - дейді академик Мұрат Жұрынов.
Оның айтуынша, бұл шараға Қазақстанның 500-ге жуық жетекші ғалымдары қатысуда. Талқыланатын мәселелер ғылымның жаңа бағыттары және ғылымдағы жетістіктер. Ең бастысы, ғылыми жаңалықтарды өндіріске енгізу. Жақында өткен «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс съезінде ғылымға бөлінетін қаржы 2017 жылы жалпы ішкі өнімнің бір пайызын құрайтынын айтқан еді. Бұл алдағы 5 жылда ғылымға бөлінетін қаржы 4 есе өсетінін аңғартуда. Қазіргі таңда ТМД елдерінде Қазақстаннан басқа бірде бір мемлекет ғылымның қарқынды дамуына қолдау жасап жатқан жоқ.