«Мен бүгін таңертең барлық әріптестерімнен кешірім сұрадым. Жұмыс бабында ренжіп, ұрысқан болсам көңілдеріңізді түсірген болсам бүгіннен бастап барлықтарыңыз кешіріп, жаңа қарым-қатынасты бастайық», - деді Н.Назарбаев.
Елбасы кешірімділік жанұяда, жастардың арасында, үлкендердің арасында болуы керектігін, оның үлкен күш екендігін баса айтты.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың 14 қаңтарында Елбасы Н.Назарбаев 1 наурызды Алғыс айту күні деп белгілеу туралы Жарлыққа қол қойды.
Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының, «Нұр Отан» партиясының мүшелері, этномәдени бірлестіктер, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері және жастар қатысты.