«Мен Байланыс және ақпарат министріне және Үкіметтің сәйкесінше басшыларына бұқаралық ақпарат құралдарында, электрондық және біздің газеттерімізде Қазақстан халқы ассамблеясының жұмысына арналған, адамдарға жұмыстарын көрсету үшін, тәжірибелерін әңгімелеу, бөлісу үшін арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырамын», - деді Елбасы.
Осыдан кейін Ассамблея жұмысын БАҚ-тарда жазып, көрсету деңгейінің төмендігін баса айтқан Президент: «Бізде тіпті кеше, сессия басталар алдында, телеарналарда Ассамблея туралы бірде-бір сөз айтылған жоқ. Демек біз бір нәрсені айтып отырмыз, ал бұны насихаттауға міндетті адамдар басқаша ойлайтын сияқты. Бұлай болмайды», - деді.