деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Туристің алғашқы қадамы ақпарат іздеуден басталады. Қазір Астанаға іскерлік және басқа да мәселелер бойынша келген кез-келген адамды турист деп санауға болады. Бізде интернетте жақсы, жаңартылатын портал жоқ. Оның ресми бейнесі басым. Тек бірнеше бөлімдері ғана қонақтар үшін шын мәніндегі пайдалы ақпараттарды береді. Сайтта ақпараттар ағылшын тілінде ішінара қамтылған, тіпті онда қаланың картасы жоқ. Қалада өткізіліп жатқан мәдени-көңіл көтеретін шаралар жайлы ақпараттар алу қиын», деді кеңесте Президент.
Осы орайда Елбасы Астана жайлы ақпараттары бар нүктелерді бастапқыда әуежайда, вокзалда, «Бәйтеректің» маңында, алаңдарда, «Мега орталықта» орналастыру қажеттігін айтты.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ниет танытқан адамдар қонақ үйлерден орындарды брондауға, ұшақтарға билеттерді сатып алуға мүмкіндіктері болуы тиістігін атап көрсетті.