Елбасы Астанада ашық аспан астында қойылған Дж. Вердидiң «Аида» операсын тамашалауда (ФОТО)

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада ашық аспан астында қойылған Джузеппе Вердидiң "Аида" операсын тамашалауда.

"Бұл спектакльдi бiз тамаша мерекеге орай - Астана күнiне арнап отырмыз. Ашық аспан астындағы қойылым - театрдағы ерекше жанр. Онда көптеген факторлар ескерiледi: театр алаңының ауқымды аумағы, сахнаның ерекше орналасуы, әртiстердiң кең құрамы, үлкен аудитория, сонымен бiрге арнайы жарық пен бейнеаппаратура", - дейдi театр басшысы Төлеубек Әлпиев.

Жобаға танымал ресейлiк әртiс Юрий Александров жетекшiлiк етуде. Юрий Александров кезiнде Күләш Байсейiтова атындағы опера және балет театрының және жаңадан салынған "Астана Опера" театрының ашылуында болды. Қазақстанда режиссер бiрнеше тамаша қойылымдар жазған едi. Соның iшiнде елордалық театрдың бетке ұстар қойылымы - "Бiржан-Сара" операсының авторы.

Ұйымдастырушылар қойылымның мысырлық атмосферасын толықтай берудi жоспарлауда. Ол үшiн арнайы костюмдер мен декорациялар қолданылған.

Мысырлық атмосфераны сезiнуге Астанадағы "Пирамида" ғимараты да өз үлесiн қоспақ. Iрi-iрi декорациялар, ақ тұлпарға мiнген салт аттылар, керемет костюмдер - барлығы астаналықтар үшiн нағыз сый болмақ.

Аталған қойылымда Радамес партиясын орындау үшiн болгариялық тенор Камен Чанев арнайы шақыртылды. Бас рөлде - тыңдармандардың сүйiктiсi - "Астана Опера" театрының жетекшi солисi Жұпар Ғабдуллина. Спектакльге шамамен 300 адам: солистер, хор, балет, миманс әртiстерi қатысады. Бұл кеште дирижерлiк тiзгiн ҚР Еңбек сiңiрген қайраткерi маэстро Абзал Мухитдиновте болады.