Елбасы Астанада Жастар сарайын салуды ұсынды
14:31, 16 Қараша 2012
АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін елордадағы «Сарыарқа» велотрегінде өткен «Жас Отан» жастар қанатының ІІ съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласында Жастар сарайын салу ұсынысын жасады.
«Бүгін мен «Жас Отан» съезі делегаттарының назарын өзімнің тағы бір арманымды жүзеге асыруға қолдау білдіруге аудартқым келеді. Мен Астанада Жастар сарайын салуды ұсынамын. Бізде өте жақсы Оқушылар сарайы бар. Егер сіздер қолдау білдірсеңіздер, жаңа сарай үздік сәулет туындыларының біріне айналуы керек», - деді Мемлекет басшысы.