Елбасы Астанадағы веложолдар салу жұмысына төмен баға берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық мәселелеріне арналған жиында Астанадағы веложолдар салу жұмысына сын айтты, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

«Қалада веложолдарды салу жұмысы жап-жақсы қолға алынып еді. Кейін ол тоқтап қалды. Айтмұxамбетов (Астана әкімінің орынбасары), қайда кетті веложолдардың барлығы?!», - деп сұрады Президент Астана басшылығына қаратып айтқан сөзінде.

Өз кезегінде Астана әкімінің екі орынбасарлары Айтмұxамбетов пен Хорошун веложолдар салу концепциясын қабылданғанын, жұмыс биыл мамыр айында қайта жанданатынын xабарлады.

«Тиісті бағдарламаны бастадық. 2025 жылға дейін Астанада 1 717 шақырым веложол салынады. Биыл - 48, келесі жылы - 200, одан соң жыл сайын - 400 шақырымнан веложол салу жоспарлануда», - деді әкім орынбасары Хорошун.